Иранда қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті

/
Иранда қыздар мектебіне жасалған соққыдан қаза тапқандар саны 148-ге жетті
Фото: ISNA

Иранда қыздар оқитын мектепке жасалған әуе соққысының салдарынан қаза тапқандар саны 148 адамға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жараланғандардың саны 300-ден асады. Олардың басым бөлігі — мектеп оқушылары.

Қазір зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін қосымша дәрігерлер мен жедел жәрдем бригадалары жұмылдырылған.

Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі тұрғындар тығыз орналасқан аймақта болған.

Алдын ала деректер бойынша, әуе соққысы оқу процесі жүріп жатқан уақытта жасалған. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, қирандылар астында адамдар қалуы мүмкін.

Иран билігі бұл шабуылды «соғыс қылмысы» деп атап, халықаралық қауымдастықты оқиғаға жедел әрі әділ баға беруге шақырды.

Сонымен қатар, кінәлілердің жауапқа тартылатыны айтылды.
БҰҰ мен бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары бейбіт тұрғындардың, әсіресе балалардың қаза табуына алаңдаушылық білдіріп, қақтығыстарды дереу тоқтатуға үндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары