Иранның жоғарғы көсемі Аятолла Әли Хаменеи көз жұмды. Елде аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Иран басшысы АҚШ пен Израильдің бірлескен соққысынан кейін алған жарақаттарының салдарынан қайтыс болған. Осыған байланысты Иранда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Иран билігі ел аумағында барлық ойын-сауық шараларын уақытша тоқтатып, мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсірілді.
Сонымен қатар марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне дайындық басталған.
Айта кетейік, Аятолла Әли Хаменеи 1989 жылдан бері Иранның жоғарғы көсемі қызметін атқарып келген.