Астанада үлескерлерден 8 млрд теңге алғандарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

/
Астанада үлескерлерден 8 млрд теңге алғандарға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
istockphoto.com

Астана қаласының прокуратурасы «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің үлестік құрылысы бойынша қылмыстық істерді сотқа жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен азаматтардың қаражатын үлестік құрылысқа заңсыз тарту дерегібойынша қылмыстық істерді тергеп-тексеру аяқталды.

Іс-әрекеттері 426-дан астам отбасының мүдделеріне 8,2 млрд теңге көлемінде аса ірі залал келтіруге әкеп соққан адамдар тобына қатысты қылмыстық істер сотқа жолданды.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар ҚР заңнамасының талаптарын бұза отырып «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерін салу үшін азаматтардың ақшалай қаражатын тиісті рұқсаттар алмай тартқаны анықталды.

Тартылған ақшалай қаражат көзделген мақсатта пайдаланылмады, ал объектілердің құрылысы тиісті түрде жүзеге асырылмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында,соттың санкциясымен жылжымалы және жылжымайтын мүлікке, атап айтқанда 10 пәтерге, 36 жер учаскесіне, 16 тұрғын емес үй-жайға, 49 автомашинаға тыйым салынды.

Күдікті 12 тұлғаға қатысты «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Елорда прокуратурасы азаматтарды пәтер сатып алмас бұрын үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаттың бар-жоғын мұқият тексеруге шақырады. Бұл алаяқтықтан аулақ болуға және өз құқығыңызды қорғауға көмектеседі. 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары