Әнші Қайрат Нұртас мүшел жасқа толды

/
Әнші Қайрат Нұртас мүшел жасқа толды

25 ақпан - Қайрат Нұртастың туған күні. Әнші бүгін 37 жасқа толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оны әлеуметтік желіде алғашқылардың бірі болыпНұртас Айдарбеков құттықтаған.

«Ал ағайын, балам деп айтуға Алладан қорқамын. Бүгін - өздеріңіздің ерке ұлдарыңыз Қайратжанның дүние есігін ашқан күн. Алла ғұмыр берсін! Сіздердің алдарыңызда Алла тарту еткен қызметін жасап, жарқырап жүре берсін!», - деп жазды ол.

Өнер иесін әріптестері де құттықтады.  

«Қайратжан ұзақ ғұмыр сүрсін, қайғы-қасірет көрмесін», - деді Мақпал Жүнісова.

Қайрат Нұртастың жанкүйерлері де шет қалмады. Әлеуметтік желілерде олар өздерінің ыстық ықыласы мен қолдауын білдірді.

«Туған күніңмен!», «Күйеуім — орыс, қазақша түсінбейді, бірақ Қайрат Нұртастың әндерін қатты жақсы көреді», «Біз Ресейденбіз, біздің ешбір мерекеміз Қайрат Нұртастың әнінсіз өтпейді. Біз оны Ресейде өте жақсы көреміз. Отбастарыңызға тек денсаулық пен амандық тілейміз. Жаман көз бен жаман сөздер отбастарыңызды айналып өтсін» деп жазды әншінің тыңдармандары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар