Жамбылда заңсыз мал баққан шетелдік ерлі-зайыптыға айыппұл салынды

/
Жамбылда заңсыз мал баққан шетелдік ерлі-зайыптыға айыппұл салынды
istockphoto.com

Шетелдік ерлі-зайыптылар заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты «Шетелдік азаматтың рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыруы» бабы бойынша екі шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарады.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптыларды Жуалы ауданының шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жалдап, оларға мал бағумен айналысқаны үшін ай сайын 120 мың теңгеден төлеп отырған. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан шекарасынан өтіп, осы уақыт ішінде жұмысқа орналасуға рұқсатсыз мал бағып жүргені анықталды.

Шетелдік азаматтар өздерінің түсіндірмелерінде ШҚ-ның басшысына заңды тіркеу қажеттілігі туралы бірнеше рет еске салғанын мәлімдеді.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 108 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары