Таңертең аш қарынға су ішуден пайда жоқ – гастроэнтеролог

/
Таңертең аш қарынға су ішуден пайда жоқ – гастроэнтеролог
сурет: istockphoto.com

Ресейлік гастроэнтеролог Мария Лопатина таңертең аш қарынға бір стақан су ішу асқазан-ішек жолын «іске қосады» деген түсініктің ғылыми негізі жоқ екенін айтты. Ол бұл әдетті «пайдасы дәлелденбеген әдет» деп атады, деп хабарлайды turkystan.kz health.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, көпшілік оянғаннан кейін су ішу ас қорыту жүйесін «оятуға» көмектеседі деп ойлайды. Алайда дәлелді медицина тұрғысынан алғанда, асқазан-ішек жолында дәл бір стақан сумен ғана оянатын арнайы механизм жоқ.

Дәрігер ішек түнде де жұмысын жалғастыра беретінін атап өтті. Сондықтан оған қосымша белгі қажет емес. Сонымен қатар ашқарынға ішілген су нәжісті жұмсартып, дәретке отыруды өздігінен жеңілдетпейді.

Ішектің дұрыс жұмыс істеуі үшін маңыздысы – тәулік бойы жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу. Су таңертең, түсте немесе кешке ішілсе де, бастысы – жалпы көлемі жеткілікті болуы керек. Егер адам күн ішінде жеткілікті су тұтынса, ішек жұмысы да тұрақты болады.

Ал таңғы уақытта дәретке отыру қиындаса, оның себебі көбіне тамақтану режиміне, тағам көлемінің аздығына, күйзеліске, өмір салтына немесе кейбір дәрілерге байланысты болуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар