Маңғыстау портында полиция талабына бағынбаған шетел азаматы қамалды

/
Маңғыстау портында полиция талабына бағынбаған шетел азаматы қамалды
istockphoto.com

Маңғыстау облысының Қарақия аудандық сотында полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбаны үшін П-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

П-ның 2026 жылы 26 қаңтарда Құрық портында алкогольдік масаң күйде болып, полиция қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды талаптарына бағынбағаны анықталды.

 Сот отырысында құқық бұзушы П. өз кінәсін толықтай мойындап, жеңіл жаза қолдануды сұрады.

 Сот қаулысымен П. ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

 Қаулы заңды күшіне енді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары