Шығыс Қазақстан тауларынан 1885 текше метр қар түсірілді

/
Шығыс Қазақстан тауларынан 1885 текше метр қар түсірілді
istockphoto.com

«Өскемен – Рахман қайнары» автожолында қар көшкінінің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мамандарының айтуынша, бұл жол өңірдегі ең қозғалысы қарқынды әрі жер бедері күрделі бағыттардың бірі. Осыған байланысты 7 жарылыс жұмысы жүргізілді.

Жалпы көлемі 1885 текше метр қар түсіріліп, өздігінен қар көшкінінің жүру қаупі айтарлықтай төмендетілді.

Шығыс Қазақстан – республикадағы қар көшкіні қаупі жоғары өңірлердің бірі. Облыстық «Қазселденқорғау» филиалы қызмет көрсететін аумақта 497 қар көшкіні ошағы және қар көшкінінің әсер ету аймағына кіретін 93 шақырым автожол бар.

Тауға шығар алдында ауа райы жағдайымен міндетті түрде танысыңыз. 112 қызметінен дауылды ескерту жарияланған жағдайда тәуекелге бармай, қар көшкіні қаупі бар бағыттарға шықпаңыз.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары