«Екі-үш күн өмірің қалды, аяғыңды кесеміз»: Жүрсін Ерман дерті жайлы сұхбат берді

/
«Екі-үш күн өмірің қалды, аяғыңды кесеміз»: Жүрсін Ерман дерті жайлы сұхбат берді
ашық дереккөз

Ақын, айтыс өнерінін дәріптеуші Жүрсін Ерман дерті жайлы алғаш рет ашып айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол "1001 түн"бағдарламасына сұхбат берді.

Ақынның сөзінше, денсаулығына қант диабеті қатты әсер етіп, Алматыдағы ірі медициналық орталықта дәрігерлер аяғын кесу қажет екенін айтқан.

"Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты.

Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", - деді Жүрсін Ерман.

Айта кетейік, Жүрсін Ерман жақында Халық жазушысы атағын алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары