Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды

/
Жүрсін Ерман Қазақстанның Халық жазушысы атанды
ашық дереккөз

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерін ұйымдастырушы Жүрсін Ерман 75 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қазақстанның Халық жазушысы» атағына ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Жазушылар одағының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.

"Жүрсін Ерман - Қазақстанның Халық жазушысы!

Ақын, журналист, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері Жүрсін Ерман “Қазақстанның Халық жазушысы” атағын иеленді.

Айта кетейік, бұл атақты осыған дейін Төлен Әбдік (2023), Смағұл Елубай (2023), Бексұлтан Нұржекеұлы (2023), Софы Сматаев (2023), Ахметжан Аширов (2023), Любовь Шашкова (2023), Темірхан Медетбек (2024), Валерий Михайлов (2024), Исраил Сапарбай (2024), Марфуға Айтхожина (2025), Ғаббас Қабышов (2025) алған болатын", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Аманжол Әлтаев бастаған бір топ ақын Жүрсін Ерманға автокөлік сыйға тартты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары