Қазақстанда -40 градус аяз болады

/
Қазақстанда -40 градус аяз болады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 24–26 ақпан аралығына арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс суық антициклон ықпал етеді, соның салдарынан жауын-шашын тоқтайды. Арктикалық суық ауа массаларының келуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, кей уақыттарда мол жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) болжанады. Сондай-ақ желдің күшеюі, көктайғақ пен тұман құбылыстары күтіледі.

«Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 15–25 градус аяз болады, солтүстік пен орталықта 28–37 градус аязға дейін төмендейді, шығыста 32–40 градус аяз, ал оңтүстік облыстарда 0–10 градус аяз күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары