"Асылып қалғым келді": Жағы сынған сарбаздың туыстарына жазған хаты тарады (ФОТО)

/
"Асылып қалғым келді": Жағы сынған сарбаздың туыстарына жазған хаты тарады (ФОТО)

Жамбыл облысының Қордай ауданы аумағындағы Гвардейский гарнизонында әскери бөлімдердің бірінде жарақат алған сарбаз Есбол Қапардың таныстарына жазған хаттары желіде жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"3 күннен бері шулап жатқан Гвардейск гарнизонындағы былықтың барлық мән-жайын бір видеоға сыйғызуға тырыстық.  Жапа шеккен сарбаз бәрінің атын атап, түсін түстеп тұр. Бірақ, Қорғаныс министрлігі: ешқандай сержант ұрған жоқ, екі солдат шекісіп, төбелесті деп хабарлауда. Тіпті, екінші сарбаз қаруласын “ұрғанын” мойындап қойыпты. Бұл аздай, қос сарбазды ажыратқан солдаттар (куәгерлер) дайын дейді. Дәл жақ сынған күні әскери бөлімде бейне камералар істен шыққан, әлі істемейді. Әйтеуір, Отанды қорғаймын деп нақақтан нақақ жастар күйіп кетпесін! Жағы сынғаннан емес жас балалардың сағы сынғаны қорқынышты..." - деп жазды тележурналист.

Сондай-ақ ол желіде жариялаған видеода жағы сынған сарбаздың таныстарына жазған хаттары көрсетілген.

"Асылып өлгім келді. Үйден жіп іздеп таппай қойдым. Жаным қатты қиналды. Шыдай алмадым. Сосын жіп іздеп таппай қойдым. Пакеттерді бір-біріне байлап асылып көрдім. Пакет үзіліп кетті", - деп жазылған хатты ұлымыздыкі деп ата-анасы көрсеткен.

Еске салайық, кеше ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Әйгерім Ағылтаева оқиғаға байланысты сарбаз қызмет атқаратын әскери бөлімде кадрлық өзгерістер жасалғанын мәлімдеген еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары