Түркістан облысында 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты

/
Түркістан облысында 15 жастағы қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты
kz.otyrar.kz

Түркістан қалалық балалар ауруханасында күрделі ота сәтті жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Он бес жастағы қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысынан ірі түйін анықталған. Дәрігерлер жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм шаш түйіні алынды.

Ота 2 сағат 50 минутқа созылды.

Хирургтер бригадасы, анестезиологтар мен медицина қызметкерлері үйлесімді жұмыс істеп, операцияны сәтті аяқтады.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары