Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова қызына қатысты сынға жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Алауға бағытталған кейбір пікірлердің өзіне ауыр тигенін жеткізді.
«Алау қызымның жүрегіне кейбіреулердің мұқатуы шындығында қатты батты. “Пәленшенің немересі, түгеншенің қызы” деп тиісу де аз болған жоқ. Қандай перзентіміз болса да, ішкі дүниесі адалынан болсын. Небір сырт көзге сыпайы, керек десеңіз, орамалмен де көріп жатырмыз, бірақ беті жылтыр, іші қылтыр жандар да бар. Бастысы – ұрпағымызда екіжүзділік болмасын», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова қоғамда біреудің жетістігін көре алмау, өсек айту сияқты жағымсыз әдеттердің жиі кездесетінін атап өтті.
«Бізде ең ауыры – біреу алға шықса, аяқтан тарту өте көп, өсек бітпейді. Бұйыртса, Алау қызым алаулаған жалынды, қайсар қыз болып, бүкіл қазақ елінің мақтанышы болуын Алла қабыл етсін!» – деді продюсер.