Қайрат Нұртастың әкесі келіні Жұлдыздың неге сәлем салмайтынын айтты (ВИДЕО)

/
Қайрат Нұртастың әкесі келіні Жұлдыздың неге сәлем салмайтынын айтты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Нұртас Айдарбеков, қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі, келіні қойған сұрақтарға жауап берді. Ортаңғы ұлының жары Айгерім Саркенова әлеуметтік желіде кең тараған трендті қайынатасымен бірге қайталауды ұйғарған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айгерім Саркенова «норм немесе стрем» деп аталатын тренд аясында Нұртас Айдарбековке түрлі сұрақтар қойған. Тренд шарты бойынша ол келінінің сұрақтарына жауап беріп, ненің дұрыс, ненің дұрыс еместігін айтқан.

Нұртас Айдарбеков әйеліне үй шаруасына көмектесуді, сондай-ақ келіні үлгермей жатса жәрдем беруді қалыпты жағдай деп санайтынын жеткізді. Ал келіннің мүлде тамақ әзірлемей, түске дейін ұйықтап жатуын құптамайтынын айтты.

Сондай-ақ ол келіннің ата-енемен бірге тұрғысы келмеуіне қатысты да пікір білдірді.

«Әрине, өзі біледі. Бірақ жастардың ата-анамен бірге тұрғанының несі жаман? Біз немерелерге қарасып, көмектесеміз ғой», – деді ол.

Нұртас Айдарбеков келіннің үйде орамал тағып жүргені дұрыс деп есептейтінін, алайда далада тағу міндетті емес екенін атап өтті.

Сонымен қатар «сәлем салу» дәстүріне қатысты да өз ойын ортаға салды.

«Жұлдыз біздің шаңыраққа келін болып түскенде, мен өзім оған сәлем салмауға рұқсат бердім. Себебі ол келін болып түскенде менің қызым жоқ, тек ұлдарым болды. Ол маған қызымдай болды. Негізі келін сәлем салудан ештеңе жоғалтпайды, керісінше бата алады. Сондықтан сәлем сал да, батасын ал. Үлкендер оған ұзақ ғұмыр мен бақыт тілейді. Бұл – өте құнды сөздер», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары