Олимпиада-2026: Құрама көшбасшысы Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмады

Олимпиада-2026: Құрама көшбасшысы Денис Никиша іріктеу кезеңінен өте алмады
t.me/olympickz

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Денис Никиша Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өзінің төртінші Олимпиадасына қатысып жатқан Денис жарысын 1000 метр қашықтықтан бастады. Никиша өз іріктеу жарысында үшінші нәтиже көрсетті. Айта кетейік, келесі кезеңге тікелей өту үшін мәреге бірінші немесе екінші болып жету қажет еді.

Сонымен қатар өз жарысында үшінші орын алған спортшылардың арасынан ең үздік төрт атлетке де келесі айналымға жолдама берілді.

Нәтижесінде Денис Никиша барлық жарыс аяқталғанға дейін ширек финалға шығу мүмкіндігін сақтады. Алайда соңында ол 1/4 финалға өте алмады.

Айта кетейік, Денис Никишаның негізгі қашықтығы - 500 метр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары