«Бәрі өтірік»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі боксшының айыптауына жауап берді

/
«Бәрі өтірік»: Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі боксшының айыптауына жауап берді
Коллаж: turkystan.kz

Қылмыс әлемінің серкесі ретінде танылған Нұржан Иманалиев өзіне қатысты айтылған айыптауларға арнайы жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің орманға апарып, басыма тапанша тақады деген мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.

«Айтылған сөздердің бәрі – өтірік. Неге олай жасағанын өзім де түсінбеймін. Шок жағдайындамын. Бұл адамды өмірімде бар болғаны бір рет көргенмін. Ол кезде үйіме қонаққа келіп, бірге ас ішкенбіз. Содан кейін мүлде араласқан емеспіз. Не себепті мұндай мәлімдеме жасағанын мүлде түсінбедім», – деп жауап берді Нұржан Иманалиев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары