Ақтөбе облысында жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті. Жанып жатқан автокөліктен шыққан қара түтін алыстан көрінді, деп хабарлайды "Диапазон".
Оқыс жағдай Ақтөбе – Астрахань тас жолында, Қандыағаш қаласына жақын жерде болған. Ақтөбе облыстық ТЖД мәліметінше, аудан орталығынан оқиға орнына екі автокөлікпен 8 өрт сөндіруші, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілген.
"Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", — деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.