Ресейге кіруге тыйым: Нұрлан Сабуров пікір білдіруден бас тартты

/
Ресейге кіруге тыйым: Нұрлан Сабуров пікір білдіруден бас тартты
Видеодан скриншот

Әзілкеш Нұрлан Сабуровқа бұған дейін Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған еді. Ол Мәскеудегі Внуково әуежайынан Қазақстанға ұшар алдында РЕН ТВ тілшісінің сұрақтарына жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Әзірге пікір білдіре алмаймын. Кешіңіз жақсы өтсін", - деді ол журналистке.

7 ақпанға қараған түні Сабуров Алматыға ұшып келді. Ол VIP-аймақтан көзге түспеуге тырысып шыққан. Әуежай қызметкерлері VIP-аймақта ешкімді күтпегенін айтқан. Алайда Сабуров көріне салысымен, тілшілердің түсіріліміне кедергі келтіріле бастаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары