«Көптен күткен жаңалық»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайға қатысты қуанышты хабар тарады

/
«Көптен күткен жаңалық»: Дариға Бадықова мен Олжас Абайға қатысты қуанышты хабар тарады
Әлеуметтік желіден

Танымал продюсер Дариға Бадықова басқаратын "Badykova Production" компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазбасын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, 26 наурыздан бастап көпшілік асыға күткен "Таптым-ау сені 3" фильмі көрерменге жол тартады. Жазбаның басты бетінде Олжас Абай мен Дариға Бадықованың фотосуреттері орналастырылған.

"Көптен күткен жаңалық. "Таптым-ау сені 3" жарыққа шығады! 26 наурыздан бастап кинотеатрларда. Сүйікті кейіпкерлеріңіз қайта оралады. Жаңалықтардан қалмау үшін парақшаға тіркеліп қойыңыз", – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары