Адамдардың өмір жасын 200 жылға дейін ұзартуға болады – ғалым

/
Адамдардың өмір жасын 200 жылға дейін ұзартуға болады – ғалым
сурет: istockphoto.com

Адамның өмір жасын 200 жылға дейін ұзартуға болады. Мұндай пікірді эволюциялық биолог, Гонконг қалалық университетінің профессоры Петр Лидский білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымның сөзінше, ұзақ өмір сүру фантастика емес, бірақ оның өз «құны» бар. Мұндай жағдайдақҚазіргі медицина әлі байқай алмайтын тін зақымдары пайда болуы ықтимал.

«Классикалық теорияларға сүйенсек, адамның физиологиялық тұрғыдан толық жасаруы мүмкін емес деп ойлауымыз керек. Бірақ аралар, тарақшалы жәндіктер, медузалар сияқты тіршілік иелері мұны істей алады. Бұл адамға да үміт береді. Қазір адамды толықтай жасартуға бола ма, жоқ па – нақты белгісіз. Бірақ өмірді едәуір ұзартуға болады дегенге мен сенімдімін», – дейді Лидский.

Адам 200 жыл өмір сүре ала ма деген сұраққа ғалым нақты жауап берген:

«Мен мұның мүмкін екеніне сенемін. Алайда мұндай ұзақ өмір барысында біз бұрын кездестірмеген тін зақымдары пайда болуы мүмкін».

Оның айтуынша, адам ағзасының құрылымы мұндай ұзақ мерзімге есептелмеген. Сол себепті жаңа медициналық қиындықтар туындауы ғажап емес.

«Уақыт өте келе қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Өйткені қазіргі деректерге сүйенсек, оның қаупі тек қартаюмен ғана емес, өмір сүру ұзақтығымен де артады. Бірақ меніңше, болашақта мұндай медициналық мәселелерді шешуге болады», – деп түйіндеді ғалым.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары