«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Қабатовтың тойдағы сөзі қызу талқыланып жатыр

/
«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін»: Қабатовтың тойдағы сөзі қызу талқыланып жатыр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желілерде танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың той үстінде түсірілген видеосы кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейнежазбада өнер иесі жастарға тілек айту үшін ортаға шыққанымен, бір сәтке сөзден тосылып қалғаны байқалады. Осы сәтті әзілге айналдырған Тұрсынбек Қабатов көпшілікке:

«Қазір жастарға бірдеңе дейтін жағдайда емеспін», – деп қалжыңдаған.

Аталған видео желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір тудырып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін әзілкештің бұрынғы жары, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова олардың заңды түрде ажырасқанын ресми түрде растаған болатын.

Бұл туралы ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтқан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары