ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады

/
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Видеодан скриншот

Бүгін Сәтпаев қаласы, Мәңгілік Ел көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің біріне жапсарлас салынған дүкеннен өрт шығып, қауіп тудырды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар өрт сөндіру барысында баспалдақ маршымен 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Өрт 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады!

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары