Теріңіз жиі қыши ма? – бауырыңызды тексерткеніңіз жөн

/
Теріңіз жиі қыши ма? – бауырыңызды тексерткеніңіз жөн
сурет: istockphoto.com

Терінің қышуы әрдайым бөртпе немесе жараға байланысты бола бермейді. Көзге сау көрінетін терінің қатты қышуы бауырдағы мәселелерге немесе суықтың әсеріне байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы британдық жалпы тәжірибелік дәрігер Филиппа Кей Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманның айтуынша, мұндай қышынудың ең жиі кездесетін себінің бірі – аллергия. Ол тағам өнімдеріне де, қоршаған орта факторларына да байланысты болуы ықтимал. Сонымен қатар никель де осыған ұқсас реакция тудыруы мүмкін. Бұл металл сабын, косметика, әтір және тұрмыстық химия өнімдерінің құрамында жиі кездеседі.

Дәрігер сирек болса да, тері қышынуы бауыр қызметінің бұзылуын білдіруі мүмкін екенін ескертті. Егер бауыр ағзадан уытты заттарды толық шығара алмаса, олар жиналып, терідегі жүйке ұштарын тітіркендіреді. Мұндай жағдайлар, әдетте, аурудың кеш кезеңдерінде байқалады және қатты шаршау, тері мен көздің сарғаюы сияқты қосымша белгілермен қатар жүреді.

Сондай-ақ қышынуға аязды ауа райы мен температураның күрт өзгеруі де әсер етеді. Суықта тері өзінің табиғи қорғаныш майлары мен ылғалын жоғалтып, құрғайды әрі тітіркенеді. Ал жылы үйге кіргенде қатты жылыту жүйелері бұл әсерді күшейте түседі. Бұған қоса, қыста жиі қабылданатын ыстық ванна мен душ теріні одан әрі сусыздандырып, қышынуды арттырады.

Терінің жай-күйін жеңілдету үшін дәрігер қалың әрі нәрлендіретін ылғалдандырғыш кремдерді қолдануға кеңес береді. Олар терінің қорғаныш қабатын қалпына келтіріп, ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары