Кешкі және түнгі уақытта жұмыс істеу жүрек ауруларына шалдығу қаупін арттырады

/
Кешкі және түнгі уақытта жұмыс істеу жүрек ауруларына шалдығу қаупін арттырады
сурет: istockphoto.com

Ауқымды зерттеу нәтижесі кешкі және түнгі мезгілде белсенді жұмыс істейтін адамдардың жүрек-қантамыр жүйесіне төнетін қауіп жоғары екенін көрсетті. Journal of the American Heart Association журналында жарияланған зерттеуге 39–74 жас аралығындағы 320 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдардың дерегінше, «үкілер» деп аталатын, яғни кешке және түнде жұмыс істеуге бейім адамдарда жүрек-қантамыр денсаулығының нашар болу ықтималдығы 79%-ға жоғары. Сонымен қатар, алдағы 14 жыл ішінде инфаркт немесе инсультке шалдығу қаупі 16%-ға артатыны анықталған.

Зерттеу авторлары таңертеңгілік режимді ұстанатын немесе аралық биологиялық ырғақтағы адамдардың жүрек саулығы әлдеқайда жақсы болатынын атап өтеді.

Дәрігерлер егер түнгі жұмысқа балама болмаса, зиянды әсерді азайту үшін бірнеше қарапайым қағиданы ұсынады: күндіз жеткілікті ұйықтау, жұмыс пен демалыс кестесін тұрақты ұстау, темекі шегуден бас тарту және созылмалы ұйқысыздықтан сақтану. Бұл шаралар жүрекке түсетін салмақты кем дегенде ішінара азайтуға көмектесуі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары