14:06-да адам миы "істен шығады" – зерттеу

/
14:06-да адам миы "істен шығады" – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Cағат 14:06 шамасында адамдардың көбінің энергиясы күрт азайып, мидың тіпті қарапайым тапсырмаларды орындауы қиындайды. Мұндай қорытынды Talker Research компаниясы Zipfizz тапсырысымен жүргізген сауалнама нәтижесінде жасалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу деректеріне сәйкес, дәл осы уақытта көп адамда күш-қуаттың айқын жетіспеуі байқалады: ас дайындауға, йогамен айналысуға, тұрмыстық істерге немесе достармен кездесуге де зауқы соқпайды. Бұл "энергияның түсу нүктесі" тек күнделікті өмірге емес, кәсіби қызметке де әсер етеді: зейін әлсіреп, өнімділік пен ынта төмендейді.

Сауалнамаға қатысқандардың 44%-ы жас ұлғайған сайын жалпы энергия деңгейі азайғанын айтқан. Зерттеушілер мұны ұйқы режимі, тамақтану әдеті, өмір салты және созылмалы күйзеліс сияқты факторлармен байланыстырады.

Мамандардың айтуынша, осы уақыттағы физиологиялық құлдырауды ескеру күнді тиімді жоспарлауға көмектеседі: маңызды әрі күрделі тапсырмаларды күннің бірінші жартысына, ал жеңілірек істерді түстен кейінге қалдырған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары