NASA ғарышкерлерді тамақтандыру жүйесін ұсынғандарға 750 мың доллар сыйақы бермек

/
NASA ғарышкерлерді тамақтандыру жүйесін ұсынғандарға 750 мың доллар сыйақы бермек
сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Марсқа адам жіберуге дайындық аясында жаңа халықаралық байқау жариялады. Агенттік Қызыл ғаламшарда астронавтарды Жерден жеткізілетін қорсыз, толықтай өздігінен қамтамасыз ете алатын тамақтану жүйесін ұсынған жобаға 750 мың доллар көлемінде сыйақы бермек, деп хабарлайды turkystan.kz NASA-ға сілтеме жасап.

Байқау талаптарына сай, қатысушылар азық-түлікті Марс жағдайында өсіру, сақтау, өңдеу және күнделікті ас дайындауға дейінгі барлық процесті қамтитын кешенді жоспар әзірлеуі керек. Ұсынылған жүйе жабық ортада, шектеулі ресурстармен және ұзақ мерзімді миссия барысында тұрақты жұмыс істеуге бейімделуі тиіс.

NASA бұл бастама арқылы Марсқа ұшудың ең күрделі мәселелерінің бірі – экипажды үздіксіз әрі сапалы тамақпен қамтамасыз ету жолдарын алдын ала пысықтауды көздеп отыр. Байқауға ғалымдармен қатар инженерлер, агротехнологтар және жай ғана тың идеясы бар кез келген адам қатыса алады. Жобалар 2026 жылдың қыркүйегіне дейін қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары