Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеу қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

/
Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеу қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
istockphoto.com

Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Отырыста сөз сөйлеген Мемлекет басшысы биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталғанын айтып, Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеу қажеттігіне тоқталды.

«Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік.

Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Мен осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен Құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді.

Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді. Бірақ, осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. 

Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады», - деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары