2025 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша өзбек бағытында айтарлықтай өсім тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өзбекстан Республикасымен жүк тасымалының көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 16% артты. Экспорттық тасымалдар 8,5% өсіп, 13 млн тоннаға жетті. Бұл ретте Өзбекстанға астық тасымалдау көлемі 32% артып, 4,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
2025 жылдың қорытындысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша барлығы 319,9 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,5% артық. Экспорттық тасымалдау көлемі 7,1% ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жетті.