Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты

/
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 21 адам қаза тапты
видеодан скриншот

Жексенбі күні кешке Испанияның оңтүстігінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан екі пойыз соқтығысып, кемі 21 адам қаза тауып, шамамен 100 адам жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ресми деректерге сәйкес, зардап шеккен 25 адам ауыр жағдайда. Екі пойызда жалпы саны 400 жолаушы болған.

Испанияның премьер-министрі Педро Санчес төтенше қызметтермен тұрақты байланыста екенін және жағдайдың даму барысын бақылап отырғанын мәлімдеді.

Теміржол инфрақұрылымының операторы Adif компаниясының хабарлауынша, Малагадан Мадридке бағыт алған кешкі пойыз рельстен шығып, Мадридтен Уэльваға бет алған пойызбен соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, вагондардың біреуі толықтай аударылып кеткен.

Апат салдарынан Мадрид пен Андалусия қалалары арасындағы теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды.

Испанияның көлік министрі Оскар Пуэнте бұл оқиғаны «түсініксіз инцидент» деп атап, апат мамыр айында жөндеуден өткен, тегіс учаскеде болғанын айтты. Сондай-ақ ол рельстен шыққан пойыздың жаңа екенін, яғни жасы төрт жылдан аспайтынын атап өтті. Министр 21 адамның қаза тапқанын растады және құрбандар санының артуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары