«Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз»: Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)

/
«Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз»: Айнұр Тұрсынбаева жазбасымен жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Instagram желісіндегі парақшасында қоғамдағы жалған жылтыр өмір мен әлеуметтік желідегі жасанды бақыт туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақынның жазуынша, көпшілік желіде мінсіз болып көрінуге тырысады, ал өмірдің шынайы көрінісі кадр сыртында қалып қояды.

«Бұл дүние жалған деп жатамыз.. Жалғандықтың көкесі инстаграмда..! Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз ғой.. 100 селфи.. “Ойбай, бетім табақтай, ойбай, безеуім көрініп қалды” деп ең әдемі, ең өтірік фотоны фук өткіземіз», — деп жазды айтыскер ақын.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желі үшін адамдардың өзіне де, жақындарына да ыңғайсыздық тудырып жатқанын атап өтті.

«Суретке түспейтін күйеуін қинап отырғызып, қинап күлдіріп, қинап құшақтасып суретке түсетіндер бар… Ол байғұс күйеу әрен жымиып отырады ғой сол…», — дейді ол.

Айнұр Тұрсынбаева Instagram-дағы жарқыраған өмірге алданып қалмауға шақырып, әрбір суреттің артында мүлде басқа шындық жатуы мүмкін екенін ескертті.

«Айтайын дегенім, инстаграмдағы әркімнің жарқ-жұрқ еткен өміріне қызықпаңыз… Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін… Қымбат көйлек пен қымбат көліктің астында қаптаған қарыз жатуы мүмкін», — деп түйіндеді ақын.

Желі қолданушылары бұл жазбаны шынайы әрі ой салатын пікір ретінде қабылдап, жазба астына қолдау білдіріп, өз ойларын белсенді түрде қалдырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары