Путинцева Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті

/
Путинцева Australian Open-2026 турнирінің екінші айналымына өтті
ҚТФ

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін сәтті бастап, алғашқы айналымдағы тартысты матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнирдің бастапқы кездесуінде әлемнің 105-ракеткасы Путинцева WTA рейтингінде жоғары тұрған қарсыласпен — әлемнің 59-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Аддад Майямен кортқа шықты. Ұзақ әрі аса шиеленісті өткен матч үш сетте қазақстандық спортшының пайдасына шешілді — 3:6, 7:5, 6:3. 

Шешуші сетте Юлия 1:3 есебімен ұтылып жатқанымен, ойын барысын түбегейлі өзгертіп, бірнеше геймді қатарынан алып, кездесуді жеңіспен аяқтады. Матч 2 сағат 55 минутқа созылды.

Australian Open-2026. Бірінші айналым
Юлия Путинцева — Беатрис Аддад Майя — 3:6, 7:5, 6:3

Осылайша, Путинцева Үлкен дулыға санатындағы турнирдің екінші айналымына жолдама алды. Ал Бразилия өкілі жарысты ерте аяқтады. 

Айта кетейік, маусым басында қазақстандық теннисші Brisbane International және Adelaide International турнирлеріне қатысып, тиісінше екінші айналым мен 1/8 финалға дейін жеткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары