Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары халықаралық деңгейдегі беделді білім сайысы – XXII халықаралық Жәутіков олимпиадасында табысты өнер көрсетіп, математика, физика және информатика пәндері бойынша жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Зияткерлік мектептің баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде NIS Ақтау оқушысы Мейіржан Құдабаев физика пәнінен бақ сынап, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, олимпиада Алматы қаласында өтіп, әлемнің 16 елінен келген 612 дарынды оқушыны біріктірді.
Ал NIS командасы 6 алтын, 5 күміс және 8 қола еншілеп, жоғары дайындық деңгейі мен тұрақты нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.