Трамп Иранмен бизнес жасайтын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізді

/
Трамп Иранмен бизнес жасайтын елдерге 25 пайыздық баж салығын енгізді
Ғаламтор

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жасайтын елдерге қарсы 25 пайыздық кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Осы сәттен бастап Ислам Республикасы Иранмен бизнес жүргізетін кез келген ел АҚШ-пен жүзеге асырылатын барлық іскерлік операциялардан 25 пайыз мөлшерінде баж салығын төлейтін болады. Бұл шешім түпкілікті және шағым түсірілмейді», – деп жазды Ақ үй басшысы 12 қаңтарда.

Трамптың айтуынша, 25 пайыздық баж салығы арқылы ел ішіндегі наразылық шерулерін басып-жаншып отырған Иран үкіметіне ықпал етпек. Бұған дейін ол наразылық білдірушілерге араласу арқылы көмектесетінін мәлімдеген болатын.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Иранның ең маңызды сауда серіктестерінің қатарында Үндістан, Қытай және Түркия бар. Агенттік атап өткендей, Қытай өнімдеріне енгізілетін қосымша 25 пайыздық тарифтер Трамптың өткен жылдың соңында Си Цзиньпинмен жасаған сауда бітіміне нұқсан келтіруі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары