Тәжікстанда жасөспірімдер арасындағы жанжал салдарынан аралас жекпе-жектен (ММА) 15 жастағы әлем чемпионы Мұхаммадали Садуллоев қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы журналистерге елдің Аралас жекпе-жек ұлттық федерациясы мәлімдеген.
Федерацияның дерегінше, қайғылы оқиға 12 қаңтарға қараған түні болған. Жанжалдың мән-жайы мен оқиғаның нақты орны белгісіз. Қаза болған спортшының мәйіті оның туған жері — Куляб қаласына жеткізілген.
Мұхаммадали Садуллоев 2024 жылы өз жас санатында ММА бойынша әлем чемпионы атанса, 2025 жылы Тәжікстан чемпионы атағын жеңіп алған.