Альпинист Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында тұңғыш рет әлемнің барлық құрлығындағы жеті ең биік шыңның барлығын бағындырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол «Жеті шың» (Seven Summits) бағдарламасын аяқтаған алғашқы әйел атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Екі жылға созылған тарих. «7 шың» жобасы. Қазақстан мен Орталық Азиядан шыққан алғашқы әйел. Қазір барлық сезімді сөзбен жеткізу қиын – олар тым көп. Отбасыма және достарыма алғысым шексіз – сендер менің тірегімсіңдер», – деп жазды ол.