Ақтауда автокөлік 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті (ВИДЕО)

/
Ақтауда автокөлік 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Ақтауда жеңіл көлік 15 жастағы жасөспірімді қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәмелетке толмаған жасөспірім 19А және 33 шағынаудандардың арасында жолды кесіп өтіп бара жатқан кезде оны Toyota Corolla автокөлігі соққан.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі 1956 жылы туған жүргізушіге адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

«Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды», — делінген хабарламада.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары