Теміртау тұрғыны өзге біреудің подъезде тұрған шыршасын өртеп жіберген

/
Теміртау тұрғыны өзге біреудің подъезде тұрған шыршасын өртеп жіберген
istockphoto.com

Қарағанды облысының Теміртау қаласының тұрғыны 2025 жылдың 31 желтоқсанында біреудің шыршасын өртеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың 31 желтоқсанында сағат 18:10 шамасында ол Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, №33/1 үйдің төртінші подъезінің бірінші және екінші қабат аралығындағы баспалдақ алаңында болып, қасақана бөтен мүлікті жойғаны, яғни шыршаны өртегені анықталды.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Соттың 2026 жылғы 3 қаңтардағы қаулысымен Б., ӘҚБтК-нің 147-1 б. 1 б. көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 (он) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Әкімшілік жаза тағайындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, құқық бұзушының жеке басы туралы деректерді, оның құқық бұзушылыққа дейінгі және одан кейінгі мінез – құлқын, оның мүліктік жағдайын, жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайдың болуын-өкінуді, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді.

Соттың қаулысы  заңды күшіне енген жоқ.

Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар сотының баспасөз қызметі

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары