Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тұрғыны 2025 жылдың 17 қазанында WhatsApp-тағы топта ауданның бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәлімет таратқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол өз кінәсін мойындамаған. Алайда оның кінәсі WhatsApp мессенджеріндегі хабарламалардың көшірмелерімен, сондай-ақ хабарламаларда жәбірленушінің ар-намысы, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің бар екенін анықтаған сарапшының қорытындысымен дәлелденді.
Аталған баптың санкциясы жеке тұлғаға 180 АЕК мөлшерінде (2026 жылы 778 500 теңге) айыппұл салуды немесе 20 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Нәтижесінде сот әйелді кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты. Енді ол 495 432 теңге төлеуі тиіс.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.