Қарағанды облысында 4 тонна есірткі заты тәркіленді

/
Қарағанды облысында 4 тонна есірткі заты тәркіленді
polisia.kz

4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған. Тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді.

Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары