Өткен жылы шекара заңнамасын бұзған 52 мың адам жауапқа тартылды

/
Өткен жылы шекара заңнамасын бұзған 52 мың адам жауапқа тартылды
istockphoto.com

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылы шекара кеңістігінде ҚР заңнамасын бұзған 52 мыңнан астам адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тауарлар мен жүктердің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз қозғалысының 17 541 фактісінің алдын алды, оның ішінде:

есірткі заттары -  344 факті (1,5 тоннадан жоғары);

қару мен оқ-дәрілер  - 847 факті;

діни әдебиеттер - 315 факті;

жанар-жағармай материалдары - 5 900 факті;

халық тұтынатын тауарлар - 8 083 факті;

валюталар - 2 052 факті.

Каспий теңізінің су айдынында 607 браконьерлік фактінің жолын кесті, нәтижесінде:

жүзу құралдары - 226 бірлік;

браконьерлік аулау құралдары - 580 км тор;

бекіре тұқымдас балық түрлері - 2 376 дана;

қара балық түрлері - 7 193 дана;

итбалықтар - 24 дана.

Алдын алған залалдың жалпы сомасы 75 млрд теңгеден астамды құрады.

Жыл бойында ҰҚК Шекара қызметі Қазақстанның құқық қорғау органдарымен және шетелдік серіктестерімен өзара іс-қимыл жасап, 48 шекаралық, 2 ведомствоаралық (есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл) және 5 халықаралық операцияға (ШЫҰ, Шекара әскерлері қолбасшыларының кеңесі, Каспий теңізінің су айдынындағы заңсыз іс-әрекеттерді тоқтату шеңберінде) қатысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары