Абай облысында заңсыз пиротехникалық бұйым сатқандар ұсталды

/
Абай облысында заңсыз пиротехникалық бұйым сатқандар ұсталды
polisia.kz

Абай облысында заңсыз пиротехникалық бұйым сатқан азаматтар анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылдың 5 желтоқсаны мен 2026 жылдың 3 қаңтар аралығында Абай облысында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында полиция, жергілікті әкімдік, мемлекеттік кірістер органдары және азаматтық қорғау қызметтері бірігіп, заңсыз сатылып жүрген пиротехникалық бұйымдардың жолын кесті.

Сондай-ақ рұқсатсыз жүзеге асырылатын қызметтерге ерекше бақылау орнатылды. Барлығы 184 рейд жүргізілді. Сондай-ақ 47 азамат заңсыз сауда жасау фактісі бойынша анықталып, 463 пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Бұдан бөлек, тіркеусіз немесе рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысып, пиротехниканы заңсыз қолданған 5 адам тіркелді.

Полиция тұрғындарды заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолданбауға, тек сертификатталған өнімдерді пайдалануға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары