Синоптиктер 6, 7 және 8 қаңтарға Астана мен Алматы қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
6 қаңтар – ауыспалы бұлтты, қар, боран, күндіз көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9–14 м, екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде –9…–11°, күндіз –2…–4°.
7 қаңтар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде –12…–14°, күндіз –10…–12°.
8 қаңтар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –15…–17°, күндіз –10…–12°.
Алматыдағы ауа райы болжамы
6 қаңтар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз +2…+4°.
7 қаңтар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз +3…+5°.
8 қаңтар – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз +3…+5°.
Ел аумағына циклондар әсерін жалғастырып, жауын-шашын алып келеді. Елдің батысында жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде қар мен боран болжанады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтілмейді. Батыс өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды, ал солтүстік, шығыс және орталықта суыту байқалады.