АҚШ тұрғыны өз сақалын рекорд алаңына айналдырған

/
АҚШ тұрғыны өз сақалын рекорд алаңына айналдырған
сурет: guinnessworldrecords.com

АҚШ-та тұратын, төрт баланың әкесі Джоэл Страссер сақалын нағыз "қоймаға" айналдырды. Ол соңғы бірнеше жылда сақалына мыңдаған түрлі затты қыстырып, әлемдік рекордтарды бірінен соң бірін жаңартып келеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Барлығы кездейсоқ басталған.

«Тамақ та, ұсақ-түйек те сақалыма жиі ілініп қалатын. Бір күні оның зат ұстауға ерекше ыңғайлы екенін байқадым», – дейді сақтандыру саласында жұмыс істейтін 45 жастағы рекордшы.

Содан бері ол өз сақалын рекорд алаңына айналдырған.

Страссердің айтуынша, рекорд жаңартуға деген қызығушылығы әлі бәсеңдеген жоқ. Ал жетістіктер тізімі әсерлі:

– 2018 жыл – сақалға қыстырылған тіс шұқығыштар: 3 500 дана
– 2019 жыл – таяқшалар: 520, гольф қазықшалары: 607
– 2020 жыл – шанышқылар: 121, қағаз түтікшелер: 534
– 2021 жыл – қарындаштар: 456, бір минутта 59 қарындаш
– 2022 жыл – сақалдағы әшекейлер: 710, мақта таяқшалар: 2 470
– 2023–2024 жылдар – кәмпит таяқшалары, барбекю істіктері, түтік тазалағыштар
– 2025 жыл – туған күн шамдары: 613 дана

Қазірге дейін Джоэлдің сақалына «сыймай қалған» зат болмағандай.


 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары