Ақтаулық келіншек TikTok арқылы жоқ етті сатып, 400 мың теңге тапқан

/
Ақтаулық келіншек TikTok арқылы жоқ етті сатып, 400 мың теңге тапқан
istockphoto.com

Ақтаулық келіншек бірнеше апта ішінде  шамамен 400 мың теңге жинап алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс орталығының тұрғыны ет өнімдерін арзан бағамен сататыны туралы хабарландыруды 27 қараша күні TikTok әлеуметтік желісінде «aktauetsupnaborzakaz» атты аккаунт арқылы жариялаған.

Тапсырыстар көп күттірмей түсе бастаған – 10 желтоқсанға дейін ол болашақ жеткізілімдер үшін төлемдерді белсенді түрде жинаған.

«Кәсіпкер» шамамен 400 мың теңге жинап үлгерген кезде алаяқтықты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы әшкерелеген», – делінген жарияланымда.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі таңда 20-дан астам жәбірленуші анықталған.

Аталған факті бойынша 2025 жылғы 22 желтоқсанда Маңғыстау облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс тіркеді.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау туралы қолхат қолданылған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары