«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекелері кезінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа жыл мерекесіне байланысты 1 және 2 қаңтарда, сондай-ақ 2026 жылғы 7 қаңтарда халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейді.
3 қаңтар (сенбі) – кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
5 және 6 қаңтар – жұмыс күндері.
«Бұл күндері елдегі барлық ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалыпты режимде жұмыс істейді», — деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.
Мемлекеттік корпорацияда еске салғандай, халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лар, жұмыс күндері азаматтарды сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды.