Гастроэнтеролог Екатерина Кашух жаңа жыл мерекесі кезінде денсаулыққа ең көп қауіп төндіретін тағамдар мен сусындарды атады. Оның айтуынша, мереке күндері жиі кездесетін денсаулық проблемалары алкоголь, ұзақ уақыт дастарқанда тұрған салаттар, сондай-ақ туралған ет пен ірімшікке байланысты туындайды, деп хабарлайды turkystan.kz РИАМО-ға сілтеме жасап
Дәрігердің сөзінше, ең қауіпті элемент – алкоголь. Ол жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады, улануды күшейтеді, ағзаны шамадан тыс жүктейді және суық тию мен жарақат алу ықтималдығын көбейтеді. Мамандардың мәліметінше, мереке күндеріндегі көптеген тұрмыстық жарақаттар дәл алкоголь тұтынумен байланысты.
Сонымен қатар, ұзақ уақыт бойы бөлме температурасында тұрған ет және ірімшік тағамдары, майонезбен араластырылған салаттар зиянды бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырып, тағамдық инфекцияға себеп болуы мүмкін.
Мамандар жаңа жылда тағамды мөлшермен тұтынып, салаттарды алдын ала емес, дастарқанға жақын уақытта әзірлеуге және алкогольді барынша шектеуге кеңес береді.