Оралда 12 жастағы ер бала жоғалып кетті

/
Оралда 12 жастағы ер бала жоғалып кетті
Фото: Мой город

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 2025 жылғы 28 желтоқсанда баланың әкесі полицияға арызданған, деп хабарлайды turkystan.kz.

2012 жылы туған Елнар Самиғолла шамамен сағат 09:00-де Зачаганск кентіндегі үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған. Айта кетейік, 2023 жылы да бала үйінен кетіп қалғаны тіркелген.

Жасөспірімнің белгілері:

Бойы шамамен 170 сантиметр, арықша дене бітімді. Үстінде қара түсті күртеше, қара трико және қара қысқы аяқ киім болған. Өзімен бірге ұялы телефоны болмаған.

Полиция қызметкерлері басқа да қызметтермен бірлесіп, жасөспірім болуы мүмкін деген орындарды – жолдар мен оған іргелес аумақтарды, саябақтар мен скверлерді, компьютерлік және ойын клубтарын, сондай-ақ сауда үйлерін тексеруде.

Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, ТЖД мамандары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, еріктілер және жергілікті тұрғындар тартылған. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

«Жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар азаматтардан 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары