Жексенбі күні кешкі сағат 13:40 шамасында Томарлы ауылындағы жеке тұрғын үйде үш адам көміртек тотығынан, уланып қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, газбен жұмыс істейтін жылыту пешінде тартудың болмауы қайғылы жағдайға себеп болған.
Үйде 1958 жылы туған ерлі-зайыпты және 1953 жылы туған ер адам болған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері шақыртумен барған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтылануда.