Шекарадан атпен 2 мың қорап темекі тасыған шетел азаматы ұсталды

/
Шекарадан атпен 2 мың қорап темекі тасыған шетел азаматы ұсталды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Жуалы аудандық соты «Таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы» және «Шетелдік азаматтың мемлекеттік шекара режимін бұзуы» баптары бойынша азамат С-ға қатысты 2 әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы қарашада түнгі уақытта Жуалы ауданының шекара қызметінің қызметкерлері Қазақстан аумағына атпен контрабандалық темекі жеткізуге тырысқан Қырғызстан азаматын Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өту барысында ұстаған. Құқық бұзушыны тексеру кезінде «ORIS» маркалы 2 мың қорап темекі табылған.

Сот отырысында құқық бұзушы өкініп, кінәсін толық мойындады.

Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, оны ҚР шегінен шығару, темекі өнімі мен атты мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 137 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары